23 қыркүйек 2015 21:33

ҰҚК қызметкерлері Астанада заңсыз экстремистік ұйымның мүшелерін ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінің қызметкерлері бүгін, 23 қыркүйекте елде тыйым салынған "Таблиғи жамағат" экстремистік ұйымының төрт мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департаментінің қызметкерлері бүгін, 23 қыркүйекте елде тыйым салынған "Таблиғи жамағат" экстремистік ұйымының төрт мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Департамент өкілдері сотқа дейінгі өндірісті ашуға ұсталған тұлғалардың Қазақстан Республикасында тыйым салынған "Таблиғи Жамағат" экстремистік ұйымының әрекеттеріне белсенді қатысулары туралы мәліметтердің негіз болғанын хабарлады. ҰҚК мәліметінше, елорданың төрт тұрғыны Қылмыстық кодекстің 405-бабында қарастырылған (қоғамдық немесе дiни бiрлестiктiң не өзге де ұйымның экстремизмдi немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметiне соттың тыйым салу немесе тарату туралы шешiмiнен кейiн олардың қызметiн ұйымдастыру және оған қатысу) қылмыс нышаны бойынша қамауға алынды.

Аталған тұлғаларға ұлттық қауіпсіздік органдары бірнеше рет "Таблиғи Жамағат" ұйымының сот шешімімен заңсыз деп танылғаны және оның іс-әрекетіне қатысу қылмыстық жауапкершілікке алып келетіндігі туралы ресми ескертпе жасағаны айтылады. "Ұсталғандар Астана қаласы ІІД УҰИ-ға қамауға алынды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр", - делінген ҰҚК баспасөз хабарламасында.

Ескуе салайық, "Таблиғи жамағат" шетелдік ұйымы 2013 жылдың 26 ақпанында Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты шешімімен экстремистік болып танылған болатын және оның іс-әрекетіне Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети