09 наурыз 2018 11:11

ҰҚК Мұратхан Тоқмәдидің ұсталуына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің ұсталуы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қазақстандық бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің ұсталуы жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"2018 жылғы 8 наурызда 19 сағат 20 минут шамасында 1966 жылы туылған, Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласының тумасы Мұхтар Әбіләзовтің тапсырысы бойынша "Тұран Әлем Банкі" АҚ бұрынғы басқарма төрағасы  Ержан Тәтішевті  қасақана өлтірді деген күдікті Мұратхан Шакерханұлы Тоқмади Жамбыл облыстық ауруханасы мекемесінен қашу әрекетін жасады", -  делінген хабарламада.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, cот процесі кезінде қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сот Мұратхан Тоқмәди денсаулығының нашарлығына шағым айтып осы орайда уақытша Жамбыл облыстық ауруханасында болған.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде Мұратхан Тоқмади Тараз қаласының жағдайында жедел ұсталып, Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/1 (Жамбыл облыстық ІІД Тергеу изоляторы) мекемесіне қамалды. Қазіргі кезде М.Ш. Тоқмадидің қашуына ықпал еткен жағдайлар мен себептер анықталып жатыр", - делінген ҰҚК хабарламасында. 

Осыған дейін бизнесменнің ұсталғаны жайлы мәлімет таралған еді. Бұл мәліметті ҚР Ішкі істер министрлігі Жедел басқарма орталығының өкілдері растаған болатын. Кейбір мәліметтерге қарағанда, Тоқмәди Тараздағы №1 ықшамауданда ұсталды.

Ал кеше, 8 наурызда әлеуметтік желілерде Мұратхан Тоқмәдидің қашып кеткені жайлы мәлімет таралған еді. "08.03.2018 жылы кешкі 19.30 бен 20.00 арасында Тараздағы облыстық ауруханадан Мұратхан Тоқмәди белгісіз бағытта қашып кеткен, ол адам өлтірді деген айыппен қамауда болған. Ол тізеге дейін түсетін қара күрте мен джинс киген, аяғында не туфли, не кроссовка болған", - делінген еді хабарламада. 

Осыған дейінгі сот отырысында бизнесмен өз кінәсін мойындаған еді.

Еске сала кетейік, Мұратхан Тоқмәди былтыр 12 маусымда ұсталған болатын. Алматыда арнайы қызмет "Депутаттық корпус" атты қылмыстық топты ұстау бойынша операция өткізген еді. БАҚ-та шыққан ақпарат бойынша, бұл қылмыстық топты "ҚазШыныҚұрылыс" зауытының иесі Мұратхан Тоқмәди басқарған. Сондай-ақ, прокуратура мәліметінше, оның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрі табылған. Ал таяуда бизнесменге қатысты үкім шыққан. Мұратхан Тоқмәди 3 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети