ҰҚК-нің сегіз қызметкері тергеудің заңсыз әдістері бойынша ұсталды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК-нің сегіз қызметкері тергеудің заңсыз әдістері бойынша ұсталды Фото ©REUTERS

Құқық қорғау органдарының жекелеген басшыларына қатысты да арнайы прокурорлар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құқық қорғау органдарының жекелеген басшыларына қатысты да арнайы прокурорлар тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Бас прокуратураның бірінші қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қилымжанов 5 қаңтарда Алматы, Алматы облысы, Жамбыл және Қызылорда облыстарындағы екі полиция департаменті мен ҰҚК-нің үш департаментінің басшылары өз ғимараттарын қарумен қалдырғанын еске салды.

"Олардың барлығы күдікті деп танылды. Бұл факт бойынша қызметтегі әрекетсіздік бабы бойынша тоғыз қылмыстық іс қозғалды", - деді Бас прокуратураның 1-қызметі басшысының орынбасары.

Сондай-ақ ол 1 және 2 сәуірде Жамбыл облысы ІІД бастығының экс-орынбасары мен Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің бастығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті.

Қилымжановтың айтуынша, тергеу әрекеттерін жүргізу барысында заңның үстемдігі мен азаматтардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді.

"Рұқсат етілмеген тергеу әдістерін қолданудың барлық деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Арнайы прокурорлар ең атышулы он істі тергеуде. Осы істер аясында 9 лауазымды тұлға, оның ішінде 8 ҰҚК қызметкері және бір полиция қызметкері ұсталды", - деді ол.

Әлеуметтік желілерде қамауда отырған адамдарға қатысты заңсыз тергеу әдістерін қолданудың жалғасуы туралы жазбалар әлі де жарияланып жатыр, деп қосты Елдос Қилымжанов.

"Бұл адамдарға қатысты зорлық-зомбылыққа жол берілмейді. Сонымен бірге біз бұрын қолданылған алдын алу шараларын жеңілдету бойынша жұмысты жалғастырамыз", - деп түйіндеді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети