Марқұм банкир Ержан Тәтішевтің 32 тісінен шыққан әр сөзі қатаң бақылауда болған. Оның телефон қоңырауын тыңдау мен жазуға Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің экс-төрағасы Нартай Дүтпаевтің өзі пәрмен беріпті. Бұл туралы Мұратқан Тоқмәдиге қатысты өтіп жатқан сот отырысында айтылды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Нартай Дүтбаев Тәтішевтің телефон қоңырауын тыңдау арқылы жиналған мағлұматтарды қандай мақсатта қолданғаны сотта ашық айтылмады.
Белгілісі Дүтбаев Тәтішевтің телефонмен айтылған әр сөзін тыңдап, жазып отыруды сол кезде өзінің қол астында істеген 3-ші басқарма бастығы Олег Репниковқа тапсырған. Құпия сөзі "Банкир" деп аталған операция аясында тек Ержан Тәтішевтің өзі ғана емес, оның отбасы түгелдей қатаң бақылауда болған. Кейін "Тұран Әлем Банкінің" басшысы қаза болғаннан кейін де Дүтбаев бұл жұмысты тоқтатпай, тіпті одан әрі күшейтуге пәрмен берген.
"2004 жылы мені кабинетіне Дүтбаев шақыртты. Ол маған Тәтішевтің телефонын тыңдауға тапсырма берді. Тапсырманы дереу Алматыдағы 8-ші басқармаға жүктедім. Сөйтіп, Тәтішевтің әр айтқан сөзі бақылауға алынды. Ал ақпараттар маған түсіп отырды. Мен оны қағазға басып, сосын конвертке салып, төрағаның "жеке өзіне" деген белгімен қабылдау бөліміне жеткізіп отырдым", - деді куәгер Олег Репников.
Куәлік еткен Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің 3-ші басқармасына басшылық еткен Олег Репников бұрын сотты болған екен. Оған 2008 жылы қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылып, 4 жыл жаза кесілген. Бірақ, екі жылдан соң рақымшылққа ілігіп бостандыққа шыққан. Әу баста сот отырысында 138 куәгерден жауап алынады делінген. Бірақ, кейін олардың саны 78-ге бірақ қысқарған. Үш аптада шамамен куәгердің 80 пайызынан жауап алынды. Ал, келесі аптада жарыссөз өтеді деп күтіледі.