17 қазан 2018 | 16:42

ҰҚК өкілдері терроризм бойынша күдіктінің қалай ұсталғанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҰҚК © ҰҚК

Террорлық акт дайындау және террорлық әрекетке қатысы бар деген күдікпен іздестірілген ер адам Ыстамбұлдан Атырауға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Террорлық акт дайындау және террорлық әрекетке қатысы бар деген күдікпен іздестірілген ер адам Ыстамбұлдан Атырауға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

"2018 жылдың 16 қазанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Бас прокуратура қызметкерлері 2011 жылдан бастап террорлық акт дайындау және террорлық әрекетке қатыстылығы бойынша күдікті ретінде іздестірілген Қазақстан азаматы Елдос Куншугаров Ыстамбұлдан Атырауға жеткізілді. Куншугаровтың құрықталуы мен экстрадициясы ҰҚК, Бас прокуратура және Сыртқы істер министрлігімен өзара бірлескен жұмыс, сондай-ақ түркиялық серіктестер және Интерпол бюросымен тығыз әрекеттесу нәтижесінде мүмкін болды", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.

Комитеттегілердің мәліметінше, ол 2008 жылы Ауғанстан-Пәкістан аумағына шығып, сол жерде Атырау қаласында 2011 жылғы қазанда болған екі жарылысқа жауапты "Джунд аль-Халифат" террористік тобын құруға қатысқан. Ал 2013 жылы Сирияға заңсыз өтіп, "Джабхат ан-Нусра" террористік ұйымының қатарына кірді.

Оның 2015 жылдан бастап Түркияда жасырынып жүргені айтылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети