ҰҚК Ресеймен шекарада болуы мүмкін шектеулер туралы ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Ресеймен шекарада болуы мүмкін шектеулер туралы ескертті Фото:depositphotos.com

ҰҚК Қазақстан - Ресей шекарасына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Қазақстан - Ресей шекарасына қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметі 15-28 тамыз аралығында Қазақстан – Ресей шекарасындағы "Құрманғазы" өткізу пунктінде көлікті өткізу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін екенін хабарлады.

Көрсетілген кезеңде шектес аумақта жол төсемін жөндеу жоспарланған.

"Басқа пункттер штаттық режимде жұмыс істейді, ешқандай шектеулер енгізілген жоқ. Осы мән-жайларды ескеруді және қозғалыс бағдарын алдын ала түзетуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети