ҰҚК Шекара қызметі ресейліктерге қатысты визаран тәртібін түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Шекара қызметі ресейліктерге қатысты визаран тәртібін түсіндірді Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК ШҚ) Шекара қызметі Ресей азаматтарының Қазақстанда тұру, келу және кету мерзіміне қатысты пікір білдірді. Ведомство визаран тәртібіне қатысты түсіндірме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК ШҚ) Шекара қызметі Ресей азаматтарының Қазақстанда тұру, келу және кету мерзіміне қатысты пікір білдірді. Ведомство визаран тәртібіне қатысты түсіндірме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, көші-қон заңнамасына сәйкес, Ресей Федерациясының азаматы Қазақстан аумағында 90 күн болуға құқылы.

"Визаран" (visa run) ұғымы заңды болу мерзімін тағы 90 күнге ұзарту мақсатында шетелдіктің мемлекеттік шекараны қысқа мерзімді ресми кесіп өтуін білдіреді.

"Егер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары Қазақстанға келіп, 90 күннен кейін Қазақстаннан кететін болса, Қазақстанға қайта кіргеннен кейін 90 күн болу мерзімін қайта санау басталады. Бұл ретте олар шыққан күні немесе кез келген басқа күні қайта кіре алады, өйткені басқа тәртіп Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелмеген", - деді ҰҚК Шекара қызметі өкілдері.

Ведомство "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" Заңның 19-бабы 7-тармағына сәйкес адамдарды Қазақстан шекарасы арқылы өткізу республикаға келу немесе ҚР-дан кету құқығына құжаттар болған кезде, сондай-ақ осы адамдарға қатысты ҚР заңдарында белгіленген шектеулер болмаған кезде жүзеге асырылатынын еске салды.

Толығырақ мына сілтемеден оқи аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети