Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі директорының міндетін уақытша атқаруды Дархан Ділмановқа жүктеуге өкім шығарды, - деп жазады "Казахстанская правда".

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламанов Мемлекет басшысының өкімімен өз қызметінен босатылды. Бұған дейін Дархан Ділманов Дархан Ділманов шекара қызметінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық, кадрлармен жұмыс бас басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.
Еске сала кетейік, Қазақстанның Шекара қызметінің директоры Нұрлан Жоламанов қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен 2014 жылдың 27 қазаны күні ұсталған еді. Бұл іс бойынша қажетті тергеу-жедел шаралары жүргізіліп жатыр. Шекара қызметі директорының ісін ҚР Бас әскери прокуратура қадағалайтын болады.