ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қамаудағы бұрынғы директоры Нұрлан Жоламанов тергеу изоляторында гипертониялық кризге ұшырады. Адвокаттың айтуынша, генералдың артериялық қысымы 180 де 100-ге жеткені тіркеліп, жүрегі айнып, құсып, басы айналды, - деп жазады "Мегаполис" газеті.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қамаудағы бұрынғы директоры Нұрлан Жоламанов тергеу изоляторында гипертониялық кризге ұшырады. Адвокаттың айтуынша, генералдың артериялық қысымы 180 де 100-ге жеткені тіркеліп, жүрегі айнып, құсып, басы айналды, - деп жазады "Мегаполис" газеті.
Оның әйелі күйеуінің жүрегі қатты ауыратынын айтты. "Оның тамыр соғуы 40-қа жетті, қол-аяғы жансызданатын. Осындай жағдайында ол қылмыстық іспен танысып шығу керек болды. Күйеуім тұра да алмайтын, оны отырғызуға тура келді. Тергеуші Күнболатов маған: "Мен Жоламанов іспен танысып шығуға қарсы болды деп жазамын", - деді. Мен тергеушіге күйеуімнің өлім аузында жатып, іспен қалай танысатынын айттым", - деді Гүлнәр Жоламанова.
Жоламановтың қорғаушылары қылмыстық іспен танысу кезінде тергеушілердің айыпталушының құқығын бұзуға барғанын айтады, процессуалдық көптеген құжаттар адвокаттарға берілмеген, ал айыпталушының өзі іспен толық танысып шығуға мүмкіндігі болмаған.
Қорғаушылардың айтуынша, ҰҚК жедел-тергеу тобы тарапынан қысым түсіріліп жатыр. Жоламановтан, олардың пікірінше, қысқа уақытта іспен танысып шығу талап етіліп жатыр.
Басылымда пара алу бойынша қылмыстық іске тартылғандар мен қылмыс үстінде ұсталғандар, оның ішінде оны ұстап берген подполковник Қайрат Балмағамбетов куәгерлер қатарына қосылғаны жазылған.
Еске сала кетейік, ҚР Шекара қызметі Нұрлан Жоламанов 2014 жылдың 27 қазанында қызмет бабын теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталған болатын. Кейін сот оны 27 желтоқсанға дейін тұтқындауға санкция берді. Жоламановқа "Пара алу" және "Бір немесе бірнеше қылмыс жасау мақсатымен ұйымдасқан қылмыстық топ құру немесе оны басқару" баптары бойынша айып тағылды. Тергеудің мәліметінше, Нұрлан Жоламанов 300 мың доллардан артық сомада пара алған. Ол кінәні мойындамады.
Желтоқсан айының басында ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы директорының адвокаты Жоламановқа қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталғанын хабарлады. Қорғаушылар қылмыстық іс материалдарын қарап жатыр. Осыған дейін Жоламановтың қорғаушылары оның бұлтартпау шарасын санитарлық бөлімге немесе үй қамауына ауыстыруды сұрап, өтініш білдірген еді.