ҰҚК Шекара қызметінің жұмысына есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҰҚК Шекара қызметінің жұмысына есеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шекара қызметі ҚР заңнамаларын бұзған 3 368 адамды ұстаған. Соның ішінде 50 шетелдік шекараны бұзғаны үшін ұсталды. Шекараны бұзбақ болған 59 шетелдіктің жолы кесілген.
Мемлекеттік шекарадан заңсыз зат алып өтуге қатысты 1 739 деректің алды алынған, соның ішінде:
- 38-і - есірткі, жалпы салмағы - 143 грамм;
- 82-сі - атыс қаруы мен оқ-дәрілер (2 пневматикалық, 2 зақым келтіру және 135 суық қару, 62 оқ-дәрі);
- 32-сі - діни әдебиет (561 дана);
- 536-cы - жалпы сомасы 10 миллион теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары (46 тоннадан аса);
- 883-і - жалпы сомасы 3 миллиард теңгеден асатын тұтыну тауарлары;
- 168-і - жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгеден аса шетел валютасы.
"Каспий акваториясында 21 браконьерлік дерегінің алды алынды, сондай-ақ, 8 жүзу құралы, жалпы ұзындығы 36,7 шақырым тор болатын браконьерлік аулау құралдары, 75 (703 келі) бекіре тұқымдас балық, 3 487 (5 605 келі) таза тұқымдас балық тәркіленген. Залал сомасы 279 миллион теңге болады. Бұл деректер бойынша материалдар заңбұзушыларды жауапқа тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді", - деп жазылған хабарламада.
ҰҚК мәліметінше, мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілмеген, өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!