ҰҚК Сирияға кетуді жоспарлаған радикалды ұстады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Сирияға кетуді жоспарлаған радикалды ұстады Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК Шымкентте Түркістан облысының тұрғынын ұстады. Ол терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК Шымкентте Түркістан облысының тұрғынын ұстады. Ол терроризмді насихаттады деген күдікке ілінген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметі мәліметіне сілтеме жасап.

"2024 жылғы 1 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Шымкент терроризмді насихаттау бойынша күдікті Түркістан облысының тұрғынын ұстады.

Бұдан басқа, тергеу материалдары бойынша ол террористік топтардың жағында ұрыс іс-қимылдарына қатысу үшін Сирияға кетуді жоспарлаған", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы бойынша фигурантқа қатысты қылмыстық іс тергеліп, тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети