ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов екі кітап шығатынын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов екі кітап шығатынын айтты Кәрім Мәсімов. Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында кітаптар шығатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында кітаптар шығатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК баспасөз қызметі мәліметінше, комитет төрағасы генерал-лейтенант Кәрім Мәсімовтің жалпы редакциясымен "Отандық арнаулы қызметтің хроникалары. Адамдар, оқиғалар, фактілер туралы хикаялар", "Мемлекеттік шекара" кітаптары басылымға дайындалған.

Кітаптарда ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекетіміздің шептерін қорғау ісіне лайықты үлес қосқан жедел қызметкерлер мен шекарашылардың қызметі туралы баяндалады.

"Басылымдарға қазіргі уақытта құпиясыздандыруға болатын жайттар ғана енгізілді. Оның негізінде – нақты адамдар, оқиғалар мен деректер, олар оған тікелей қатысушылардың эмоциясын жеткізетін қатаң деректі стильде мазмұндалған. Кітаптар өз оқырмандарын табады деп ойлаймыз", - делінген ҰҚК сайтында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети