Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" жаңа инвесторына қойылатын талаптарды анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет "АрселорМиттал Теміртау" жаңа инвесторына қойылатын талаптарды анықтады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкімет "АрселорМиттал Теміртау" жаңа инвесторына қандай талаптар қоятынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкімет "АрселорМиттал Теміртау" жаңа инвесторына қандай талаптар қоятынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отырыс барысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев "АрселорМиттал Теміртау" жаңа инвесторына қойылатын талаптарды сұрады.

"Жаңа инвесторларға қойылатын талаптарға қатысты, қандай инвестиция болады, жаңа инвестордың алдына қандай да бір критерий, талап, міндеттер қоясыз ба?" - деп сұрады Әшімбаев.

Сұрақтарға жауап бере отырып, Қанат Шарлапаев АМТ қазір "қауіпсіздікке инвестиция салуға" өте мұқтаж екенін растады.

"Бүгінде АМТ 3,2 миллион тонна болат өндіреді, 4,5-4,8 миллион тонна болатты жеткізу мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда, біріншісі – өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салуды талап етеміз, ал екіншісі - өндірісті кеңейту және қуаттылықты бұрынғы жылдары жұмыс істеген деңгейге дейін арттыру бойынша міндеттеме аламыз. Ал қазір мұндай инвестиция көлемін орта мерзімді перспективада 3 миллиард долларға жуық деп есептейміз. Ал бірінші кезекте өндірісті ұлғайту және өнеркәсіптік қауіпсіздікті жақсарту үшін миллиард долларға жуық қаражат қажет", - деп түсіндірді Шарлапаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети