"Үкімет азаматтар үшін" корпорациясын құру үшін төрт республикалық мемлекеттік кәсіпорынның бірігуінде қысқартулар болады. Мұндай пікірді Парламенттің үзілісі кезінде Мәжіліс депутаты Майра Айсина айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Меніңше, қысқартулар болады, сөзсіз, себебі 4 РМК-нің бірігуінен бір корпорация құрылады. Сондықтан барлық көмекші қызметтер қысқарады. Әкімшілік, бюджет, қаржы органдары бар, мұндай 4 құрылымның қажеті болмайды. Сондықтан оптимизация болады", - деді ол.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қанша қызметкердің қысқаратынын айту қиын. "Біз қазір осы төрт РМК жұмысын қарауымыз керек, аудит өткіземіз. Сонда ғана ойланамыз. Корпорацияда қандай штаттың болатынын көру керек", - деп түсіндірді ол.
Айсинаның айтуынша, мемлекеттік корпорация 2016 жылдың бірінші ширегінде іске қосылады.
Парламент Мәжілісіндегі "Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулан енгізу турады" заң жобасының таныстырылымы кезінде инвестиция және даму жөніндегі вице-министр Сәкен Сәрсенов мемқызметтердің бірыңғай провайдерін жасаудың халыққа қызмет көрсету орталықтарының базасында республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың бірігуі жолымен жүзеге асырылатынын айтты: "Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы", "Жылжымайтын мүлік орталығы", "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық".