25 маусым 2020 | 19:17

Үкімет басшысы жаңа министрді таныстырды

Фото: primeminister.kz

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған министр Алексей Цойды денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына таныстырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин жаңа тағайындалған министр Алексей Цойды денсаулық сақтау министрлігінің ұжымына таныстырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы коронавирус пандемиясы кезінде денсаулық сақтау жүйесінің алдында тұрған міндеттерді шешудің маңызын атап өтті.

Реклама
Реклама

Рrimeminister.kz сайтының мәліметінше, Мемлекет басшысы бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты денсаулық жағдайына байланысты қызметінен босатқан.

"Елжан Біртанов отставкаға кету туралы берген өтінішінде өзінің ауыруына және емделуге байланысты, әрі денсаулық сақтау саласына басшылық жасау, әсіресе, эпидемиологиялық жағдайдың күрделену жағдайында қиын болып отырғанын жеткізді. Ол денсаулық сақтау министрі қызметінде күнделікті жүйелі жұмыс істеп, министрліктің барлық құрылымына тұрақты түрде қатаң бақылау және шұғыл басқару жұмыстары талап етілетінін атап өтті", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі қызметіне Алексей Цой тағайындалғаны хабарланған еді.

Сондай-ақ, Елжан Біртанов қызметтен не себепті кеткенін айтқан болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram