1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Біртанов қызметтен не себепті кеткенін айтты

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қызметтен не себепті кеткенін айтты. Бұл туралы ол Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол бүгін қызметінен кету туралы шешімді қабылдағанын атап өтті.

"Бүгін мен Мемлекет басшысынан денсаулық сақтау министрі қызметінен босатуды сұрадым. Өкінішке қарай, коронавирус инфекциясын жұқтырып алдым, пневмония асқынып барады. Осыған байланысты емделуім керек", - деп жазды экс-министр.

Сонымен қатар, Елжан Біртанов бүгінде елімізде эпидемиологиялық жағдай күрделеніп бара жатқанын атап өтті.

"Сондықтан министрлік деңгейінде және өңірлердегі денсаулық саласына басшылар қажет. Біздің денсаулық сақтау жүйеміз жүктемені көтере алатынына сенімдімін. Әріптестеріме денсаулық пен табандылық тілеймін. Қазақстандық денсаулық сақтау саласынының дамуына өз үлесімді қосуға мүмкіндік берген Мемлекет басшысын алғысымды білдіремін", - деді бұрынғы денсаулық сақтау министрі.

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі қызметіне Алексей Цой тағайындалғаны хабарланған еді.