Үкімет басшысы Қазақстанда қымбаттаған өнімдерді атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет басшысы Қазақстанда қымбаттаған өнімдерді атады Фото:depositphotos.com

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда қымбаттаған өнімдерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда қымбаттаған өнімдерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олжас Бектенов Қазақстанда инфляцияны одан әрі төмендетудің маңызын айтты.

"2 айдың қорытындысы бойынша инфляция жылдық мәнде баяулап, 9,3 пайыз болды. Бұл ретте оны 8 пайыз дәлізінде ұстап тұру міндеті тұр. Күріш, жұмыртқа, жемістер, сусындар, сары май және макарон өнімдерінің бағасы қымбаттаған", - делінген хабарламада.

Бектенов бағасы өсіп кеткен позициялардың саны едәуір көп екенін айтты.

"Демек бұл орталық және жергілікті атқарушы органдар тарапынан қабылданып жатқан шаралардың жеткіліксіз екенін көрсетеді", - деді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысының айтуынша, осы бағыттағы жұмыста тұрақтандыру қорлары, форвардтық келісімшарттар, өнім құнын арзандатуды субсидиялау, баға тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша сауда субъектілерімен келісімдер жасау сияқты пәрменді тетіктерді белсенді пайдалану керек.

Сонымен қатар, импортқа тәуелді өнім өндірісін кеңейту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіруге арналған басым дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети