1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Үкімет басшысы мамандардың елден кетіп қалуына алаңдайды 25 маусым 2014, 14:15

Оның айтуынша, бұл мәселені Үкіметтің көші-қон саясаты жөніндегі жұмысында ескеру керек, сондай-ақ кәсіпкерлер де бұған назар аударуы қажет.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

©РИА Новости ©РИА Новости

Қазақстан Премьер-министрі Кәрім Мәсімов білікті мамандардың өзге дамыған елдердің экономикасына кетіп қалуына алаңдайды. Бұл туралы ол Астанада өтіп жатқан кәсіпкерлердің бірінші съезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Дамушы экономиканың алдында, соның ішінде, Қазақстан экономикасында төрт жаңа мәселе тұр. Соның бірі - еңбек ресурстарының жинақылығы, қазір дамыған елдерде білікті, талантты адамдар тапшылығы байқалып отыр. Егер АҚШ, Батыс Еуропа заңнамаларындағы өзгерістерді қарасақ, олар білікті қызметкерлердің көші-қон мәселесін айтарлықтай жеңілдетіп жатыр. Соған байланысты жоғары білікті, әрі талантты адамдардың дамушы елдерден, соның ішінде Қазақстаннан мейлінше дамыған елдерге кетіп қалу қаупі туындайды" - деді Мәсімов.

Оның айтуынша, бұл мәселені Үкіметтің көші-қон саясаты жөніндегі жұмысында ескеру керек, сондай-ақ кәсіпкерлер де бұған назар аударуы қажет.

 



Join Telegram