04 ақпан 2017 | 14:32

Үкімет басшысы министрлер кабинетіне бірқатар тапсырма берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев министрлер кабинетіне бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада 2017 жылғы 3 ақпандағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің отырысы өтті.


Иконка комментария блок соц сети

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев министрлер кабинетіне бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Астанада 2017 жылғы 3 ақпандағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берілген Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің отырысы өтті.

Біріншіден, Бақытжан Сағынтаев бизнеске әкімшілік жүктемені азайтуды тапсырды. Еске салсақ, алдында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті, оның барысында ҚР Президентінің Жолдауын орындау бойынша министрлер кабинетінің алдына бірқатар нақты міндеттер қойылған болатын.

Премьер-министр ҚР-дағы бизнес ахуалды жақсарту бойынша біраз жұмыс жасалғанын, алайда бизнеске реттеу жүктемесі артуын жалғастырғанын атап өтті. "Бір жағынан біз бизнес жүргізуді жақсарту үшін заңдарға өзгерістер енгіземіз, процедураларды жеңілдетеміз. Соңғы бес жылда рұқсат құжаттарының санын 3,2 есеге қысқарттық. Ал, екінші жағынан осы кезеңде бизнестің мүддесіне қатысты қабылданған нормативтік-құқықтық актілер саны керісінше 1,7 есеге артты. Олардың 85 пайызы - әкімдіктер мен мәслихаттар актілері", - деп атап өтті Сағынтаев.

Осыған байланысты премьер-министр ұлттық экономика және әділет министрліктеріне осы мәселені шешуді тапсырды. Бұдан өзге, Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі органдармен және "Атамекен" ҰКП-мен бірге бір айда барлық бақылау-қадағалау функцияларын ауқымды тексеруді аяқтау тапсырылды.  

"Бірінші кезекте бизнеске көтеріңкі талаптар мен әкімшілік кедергілерді қысқарту қажет. Заңнамалық актілерге барлық қажетті өзгерістерді ағымдағы жылы қабылдау керек", - деп баса айтты Сағынтаев. Премьер-министр Мемлекет басшысы тарапынан салық органдарына көп сөгіс айтылғанын атап өтті. Әсіресе, негізсіз тексерістер мен салық заңнамасын іс-тәжірибеде қолдану қиындықтарына қатысты.

Осыған байланысты Сағынтаев ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бизнесті тексеруді оңтайландыру тұрғысындағы жұмысын қайта құруды тапсырды. Бұдан бөлек, премьер-министр бір айда Бас прокуратурамен бірге негізсіз жүргізілген істерді реттеуді тапсырды.

"Осындай істерді жүргізгендер жазасын алуы тиіс", - деп атап өтті Сағынтаев. Сондай-ақ, премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі органдармен бірге жаңа Салық кодексін әзірлеу кезінде әкімшілендіруді түбегейлі жеңілдетуді және оны барынша қарапайым қылуды тапсырды.

"Оның алдында біріктірілген Салық және кедендік кодекс әзірлеу жоспарланған болатын. Алайда, Президенттің тапсырмасына сәйкес ұлттық экономика және қаржы министрліктеріне жеке салық және кедендік кодекстерді әзірлеу қажет", - деп қорытындылады Сағынтаев.

Сонымен қатар, Үкіметке 2018 жылдың соңына дейін кәсіпорындарды жекешелендіру жұмыстарын жеделдетіп, аяқтау тапсырылды. "Ұлттық экономика министрлігі биылғы жылдың 1 наурызына дейін Үкіметтің 2018 жылға дейін жекешелендіруге жататын нысандардың нақты тізімін бекіту бойынша жоба шешімін шығаруы тиіс", - деді Сағынтаев. Үкімет басшысының сөзіне келсек, нысандардың басым бөлігі биыл өткізілуі тиіс. Қаржы министрлігі аталған жұмыстың ай сайынғы кестесін бақылауда ұстауы қажет. "Кез келген түрде кестеден кешіккен жағдайда шара қолданылатын болады", - деді премьер-министр.

Бұдан өзге, Мемлекет басшысы мемлекеттік меншік пен квазимемлекеттік секторда қалатын нысандардың толық тізімін әзірлеуді тапсырған еді. Осы орайда, Сағынтаев ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке Yellow pages rules қағидаларына сәйкес келмейтін, аталған тізімдерге кірмейтін нысандарды жоюды тапсырды. Бұл жұмыс 1 наурызға дейін аяқталуы тиіс.

ҚР премьер-министрі Сағынтаев автокөліктер бойынша орталықтандырылған мемлекеттік сатып алулар тетігін енгізу отандық өндірушілердің әлеуетін арттырып, олардың өндірісін жаңғыртуға мүмкіндік бергенін айтып өтті.

"Біз биылғы жылы аталған жұмысты жиһаз бен жеңіл өнеркәсіпте жүргізу жөнінде келісіп қойдық. Осыған ұқсас тәсілді енгізетін салалардың тізімін ұлғайту керек", - деді Сағынтаев. Осыған орай, Инвестициялар министрлігіне ҰКП-мен бірлесіп бір аптада аталған мәселе бойынша нақты ұсыныстар енгізу тапсырылды.

Бұдан өзге, Қаржы министрлігіне тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, барлық мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде отандық өнімді пайдалану тұрғысынан конкурстық құжаттаманы тиянақты түрде тексеру тапсырылды.

Бұдан бөлек, Сағынтаев квазимемлекеттік сектордың сатып алу жұмысына тоқталды. Ол бұл мәселеде бірыңғай саясаттың жоқ екенін айтып, бір апталық мерзімде осы компанияларға арналған, айқындық пен қолжетімділік ескерілген, сатып алулардың бірыңғай ережелері бойынша ортақ тәсілдеме әзірлеуді тапсырды.

"Аталған тәсілдер негізінде Қаржы министрлігіне бірінші тоқсанның соңына дейін тиісті заң жобасын әзірлеуді тапсырамын", - деді Сағынтаев.

Сонымен қатар, ҚР премьер-министрі инвестициялар және даму, қаржы министрліктеріне ҰКП және ұлттық холдингтермен бірлесіп, квазимемлекеттік сектор мен жер қойнауын пайдаланушыларды қосып, тиісті деректер базасын біріктіре отырып, сатып алулар мен өндірушілердің бірыңғай ІТ-платформасын құруды тапсырды.

Бұдан өзге, Инвестициялар және даму, Энергетика министрліктеріне "Самұрық-Қазына" және әкімдермен бірлесіп, әрбір ірі кәсіпорынмен жұмыс жүргізіп, жергілікті қамтуды ұлғайту бойынша мақсатты индикаторды белгілеу тапсырылды. "Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі мәселелерді өзім бақылауда ұстаймын", - деді Сағынтаев.

Сондай-ақ, МЖӘ жобалары үшін келісу процедуралары жеңілдетілетіні белгілі болды. "Мемлекет басшысы тарапынан МЖӘ тетіктерін қолданудың төмен қарқындарына, әсіресе өңірлерге қатысты әділетті сын айтылды", - деді Сағынтаев. Осыған байланысты премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне бір айда процедураларды одан әрі жеңілдету бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

Бірінші тоқсанның соңына дейін түрлі салалардағы типтік жобалар тізімін кеңейту және осы мәселе бойынша өңірлерге толық әдістемелік қолдау көрсету тапсырылды.

"Сонымен бірге, Ұлттық экономика министрлігі салалық министрліктермен бірге әкімдіктердің бюджеттік өтінімдерін қарастыру кезінде МЖӘ аясында іске асыруға болатын жобаларды қабылдамауы керек", - деп баса айтты Сағынтаев.

ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев өткен жылдың 6 желтоқсанындағы "Индустрияландыру күнінде" және Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы екінші бесжылдықтың негізгі басымдықтары - бұл өнімділігі жоғары басымдықты салалардағы экспорттық өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін дамытуды белгілегенін еске салып өтті.

Осыған байланысты Б. Сағынтаев Инвестициялар және даму министрлігіне салалық министрліктермен және әкімдіктермен бірге Президент белгілеген 72 нысанның әр қайсысы бойынша пысықтауды және сәйкес шаралар кешенін әзірлеуді тапсырды.  

Сондай-ақ, ҚР ИДМ-ге мүдделі мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен және Ұлттық палатамен бірге жаңа жобаларды іріктеу бойынша тиімді тәсілдерді әзірлеу тапсырылды.   

"Мемлекеттік қолдауды бәсекеге қабілеттілікті арттыруға және экспорттық нарықтарға шығуға арналған нақты жоспарлары бар жобалар ғана алуы тиіс», - деп атап өтті Б. Сағынтаев. Бұдан өзге, ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев екі апталық мерзімде экспорт және импорт жөніндегі ұлттық компаниялар құру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.  

"Сондай-ақ, Сыртқы істер министрлігімен бірге біздің өнімдердің экспортын шетел нарықтарында ілгерілету бойынша ортақ жоспарды әзірлеп, бекітіңдер", - деп тапсырды Сағынтаев.

Сонымен қатар, Сағынтаев ҚР Үкіметі отырысы барысында медициналық сақтандыруды енгізуге ерекше назар аударуды тапсырды. Үкімет басшысының айтуынша, денсаулық сақтау саласында, бірінші кезекте, ұзақмерзімдік негізде отандық өндірушіден дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды ұлғайту жөніндегі тиісті шараларды қабылдау қажет, сонымен қатар оларды сатып алу процедураларының айқындығын қамтамасыз ету керек.

"Медициналық техникаларды тиімді пайдалану үшін, жеткізушілердің техниканы пайдаланудың толық мерзімінде сервистік қызмет көрсету шартымен, медициналық техниканы сатып алу тетігін әзірлеуді тапсырамын", - деді Сағынтаев.

Сонымен қатар, дұрыс баға белгілеу үшін медициналық техниканың Бірыңғай номенклатурасын құру тапсырылды. Медициналық сақтандырудың міндетті жүйесін енгізуге баса назар аудару керек. "Білім беру туралы айтар болсақ, жалпы Президент аталған саладағы жаңа тәсілдерге қолдау білдірді", - деді Үкімет басшысы.

Сонымен қоса, білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке халық арасында 12 жылдық білім беру жүйесіне ауысу, үштілділік және ҰБТ-ның жаңа жүйесі жөнінде сауатты түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру тапсырылды.  

"Бұл жұмысқа Ақпарат және коммуникациялар министрлігі де атсалысуы керек», - деді премьер.

Премьердің соңғы тапсырғаны бюджет қаражатын үнемді пайдалану мәселесінде шығындарды сапалы және бірқалыпты жоспарлау қажеттігі жайында болды. Осыған байланысты Қаржы министрлігіне мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жоспарларын бекіту кезінде қатаң позиция ұстану қажет.

"Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша аз игерген жағдайда бюджет қаражатын басқа мақсаттарға қайта бөлу туралы мәселені алға қойған жөн. Игеру үшін тиімсіз игеруге жол бермеуіміз керек", - деп атап өтті Сағынтаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети