Үкімет функцияларының бір бөлігін министрліктерге беру ұсынылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс бірінші оқылымда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша түзетулер жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс бірінші оқылымда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша түзетулер жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасында жекелеген функцияларды үкіметтен орталық мемлекеттік органдарға, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға беру көзделеді және 55 заңнамалық актіге, оның ішінде бес кодекске және 50 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.

Бейінді комитеттің қорытындысында орталық мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру және қойылған мақсаттар мен міндеттерді уақтылы орындауы үшін заң жобасында үкіметтен мыналарды беру көзделетіні жазылған:

  • мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есепті жасау және ұсыну тәртібін белгілеу жөніндегі өкілеттік;
  • азаматтық қорғау саласында өрт қауіпсіздігі қағидаларын, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін құтқарушыларды аттестаттау тәртібін бекіту жөніндегі функциялар;
  • су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласында республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын басқаруды ұйымдастыру жөніндегі құзыреттер;
  • автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттік органға автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлерін белгілеу жөніндегі функциялар;
  • геодезия және картография саласында аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсаттарды тіркеу, есепке алу және беру қағидаларын әзірлеу және бекіту жөніндегі өкілеттік;
  • халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті органдардың қызметін салааралық үйлестіру жөніндегі құзыреттер.

"Мысалы, орталық мемлекеттік органдарға аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге тіркеу, есепке алу және рұқсат беру қағидаларын бекіту; ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту; авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін құтқарушыларды аттестаттау тәртібін айқындау жөніндегі функциялар беріледі.

Ал жергілікті атқарушы органдарға берілетін функциялардың қатарында облыстық ономастика комиссиялары мен республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының қызметін үйлестіру; кіреберістерде жол ақпараттық белгілерін орнату бар", - деді Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков палатаның жалпы отырысында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro