"Үкімет жауапты" - Мамин "Сбермен" келісім туралы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жаңа цифрлық платформаны енгізуде ресейлік "Сбер" компаниясымен жасалған меморандумға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жаңа цифрлық платформаны енгізуде ресейлік "Сбер" компаниясымен жасалған меморандумға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің ойымша, бұл уақыт талабы. Жалпы, eGov бойынша біз белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздік, электрондық үкімет сапасы бойынша 193 елдің ішінде 29-орынға ие болдық. Келесі кезең - тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық трансформация. Цифрлық трансформация бізге ауқымды деректер негізінде шешімдер қабылдаудың тиімділігі мен жылдамдығын күшейтуге көмектеседі", - деді Мамин БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып.

Премьер-министрдің айтуынша, Үкімет әртүрлі компаниялардың платформалық мүмкіндіктерін зерттеген.

"Huawei, Microsoft бар, Amazon, "Сбер". Барлығын зерттеу барысында, бірінші кезекке ақпараттық қауіпсіздік, дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету мәселесін қойдық. Бұл туралы үнемі айтамыз. Осы жағынан "Сбер" платформасы біз үшін қолайлы әрі тиімді", - деді Асқар Мамин.

Премьер-министрдің айтуынша, меморандум - тараптар нақты келіссөздер жүргізіп жатқан кездегі ынтымақтастық ниеті.

"Осы келіссөздер ілгерілеген сайын, біз жұртшылыққа нәтижелерді, жобаның қалай дамып жатқаны туралы хабардар етіп отырамыз. Тағы да қайталайын. Біз үшін бірінші кезекте басымдық дербес деректерді қорғау мен ақпараттық қауіпсіздікке беріледі. "Сбер" платформасы ғана кодтарды алуға және ақпараттық қауіпсіздік органдарында кодтарды сақтауға мүмкіндік береді. Біз дербес деректер қорғалатынына кепілдік береміз. Әрине, басты шарт - цифрлық трансформация. Қазақстанда 400-ге жуық ақпараттық жүйе бар. Олардың бәрі бір-бірімен нашар жұмыс істейтінін айта кеткен жөн. Деректерде айырмашылықтар бар, бұл әрдайым тиімді бола бермейді. Сондықтан платформа арқылы бұл мәселені шеше аламыз деп үміттенеміз. Бұл жұмысқа қазақстандық IT-сектор тартылады.

Сондықтан халық жеке деректеріне қатысты алаңдамауы керек. Бұл үшін біз жауаптымыз, Үкімет жауапты", - деді үкімет басшысы.

Бұл ретте Асқар Мамин Қазақстанды дамыту үшін цифрлық трансформация қажет екенін мәлімдеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer