Бесінші шақырылған Парламенттің сессиясын жаба отырып, Мәжіліс спикері Қабиболла Жақыпов Үкіметке үшбу арызын ақтара кетті. Соның бірі “Тәуелсіздіктің 23 жылында Үкімет бір де бір заң жобасын мемлекеттік тілде әзірлей алмады” деген реніш болатын. Бақсақ, бұл бесінші шақырылымда ғана алға тартылған мәселе емес. Айта айта жауыр болған жайт. Дегенмен, заң мәтінін мемлекеттік тілде әзірлеудің көсегесі көгерер ме? Өйткені бұған дейін де ынты-шынтамен кірісеміз делінген талай сөз айтылған орнында қалып еді... Депутаттардың назын "Алаш айнасы" былайша жеткізеді.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында, сессияны қорытындылап баяндама жасаған Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов сөз арасында Үкіметке ауыз толтырып айтарлықтай іреніш білдірді. Оның әуелгісінен бастасақ бұл атқарушы биліктен келіп түсетін заң жобаларының сапасы еді. «Әлбетте, сапа жылдағыдан сәл де болса жақсарып-ақ келеді, алайда жетілдіру көкжиегі көрінер емес», - дейді Қабиболла Қабенұлы.
Оның айтуынша, Парламенттің бесінші шақырылымының жұмысы барысында Үкіметтен Мәжіліске 267 заң жобасы еніпті. Дегенмен, соның 43-і депутаттық корпустың сынынан аса алмай, суырмадан алынып Мәжіліске кірген бойда есігінен кері қайтқан.
«Мұндағы айқын проблемалардың бірі ведомствоаралық келісімнің болмауында. Профильді мемлекеттік органдардың жасаған заң жобаларына басқа ведомстволар немқұрайды қарайды, атүстілік жасап формальды түрде келісіле салады. Нәтижесінде Мәжілістегі жұмыс топтарында тиянақты сараптар жасалып, қандай да бір норманы қабылдаудың салдарына баға беріледі. Сосын әлгіндей «шіп-шикі» құжат 70-80 пайызға дейін жаңарып, жекелеген жағдайларда тұтастай қайта жазылып жүр», - деген спикер нақты мысалдарды алға тартты. Мәселен, депутаттар «Азаматтық қорғаныс туралы» заң жобасын бастан-аяқ қайта жазып шығыпты. Тіпті, заң жобасын әзірлегендер елде болып жатқан жағдайларды ескермейтіндей екен. Өйткені, Мәжіліс депутаттары осы құжатқа бөгендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету нормаларын өз қолдарымен жазып шыққан.
Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.