Үкімет Қазақстан экономикасына арналған "Б" жоспарын әзірледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет Қазақстан экономикасына арналған "Б" жоспарын әзірледі Фото: Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Қазақстанда пандемия ұзаққа созылған жағдайда экономика үшін "Б" жоспары әзірленді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда пандемия ұзаққа созылған жағдайда экономика үшін "Б" жоспары әзірленді. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин әлеуметтік-экономикалық ахуалдың нашарлаған жағдайда қазақстандық экономиканы сақтап қалуға арналған қосалқы жоспар туралы сұрады.

"Әсет Арманұлы, 2019 жылдың қорытындысы бойынша, шағын және орта бизнестің үлесі 31,7 пайыз. Алдын-ала есептеулер бойынша, (2020 жылғы қорытынды - ескерт.) 28,5 болады. Бұл туралы сұрақтар жоқ. Шағын және орта бизнестің төмендеуі коронавирус инфекциясына байланысты шектеу шараларының нәтижесі екені түсінікті. (...)

"Біз пандемия бұдан әрі қалай жалғасатынын, дағдарыстың қашан аяқталатынын, экономика қалпына келе ме немесе жаңа жағымсыз факторлар пайда бола ма білмейміз. Партия төрағасы да, мемлекет басшысы да "Б" жоспары болуы керек деді. Егер біз басқа да қауіп-қатерлерге тап болсақ, қосымша іс-қимыл жоспары бар ма? (...) Біз туризм, мейрамхана бизнесі, сервистік қызмет көрсетудің қандай жағдайда екенін көріп отырмыз. Бұл көрсеткіштерді (Nur Otan сайлауалды бағдарламасында көрсетілген көрсеткіштер) қалай көтереміз? Басқа жоспар бар ма?", - деп сұрады Нығматулин Мәжілісте.

Ұлттық экономика министрлігі басшысы "Б" жоспары барын айтты.

"Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын дамыту агенттігімен бірлесіп, әлеуметтік-экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірледі. Ол халық пен бизнеске қажет қолдауды, сондай-ақ, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған шұғыл шаралардан тұрады. Егер триггерлер жұмыс істесе, жоспар күшіне енеді. Триггерлердің арасында коронавирус таралуы және мұнай бағасының жоғары құбылмалығы, басқа да сыртқы факторлар бар", - деп түсіндірді бөлім басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети