Ерболат Досаев. Фото minplan.gov.kz сайтынан
Көлеңкелі экономикамен күрес шаралары аясында баспананы заңсыз жалға беріп жүрген жеке тұлғалар үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту ұсынылып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаевқа сілтеме жасап. Себебі көлеңкелі экономикадағы жылжымайтын мүлікке қатысты операциялардың басым бөлігі баспананы заңсыз жалға берумен байланысты болып келеді. Ондайда ел бюджетіне ешбір салық төленбейді. Министр Е.Досаевтың мәліметіне сәйкес, осыдан екі жыл бұрын жылжымайтын мүлік операцияларының жалпы соммасы 697,9 миллиард теңгені құраған. "Осыған байланысты баспананы жалға беріп жүрген жеке тұлғалардың табыс салығы төлеу мен салық органдарына тіркелу бойынша тиісті жауапкершілікті заңды түрде күшейту ұсынылып отыр", - деді Е.Досаев Үкіметтің бүгінгі отырысында. Сондай-ақ министрдің айтуынша, көшедегі заңсыз сауда (жайма базар) үшін де жаза күшейтіледі. Келтірілген мәліметтерге қарағанда, бұл саладағы базарлардың үлесі 50 пайызды құрап отыр. Ал сауда орталықтары сияқты заңды нысандар тек 17 пайызды ғана еншілейді. Осыған орай, көшедегі заңсыз сауданы біртіндеп сауда орталықтарына көшіру жұмысы қарастырылған.
Көлеңкелі экономикамен күрес шаралары аясында баспананы заңсыз жалға беріп жүрген жеке тұлғалар үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту ұсынылып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаевқа сілтеме жасап.
Себебі көлеңкелі экономикадағы жылжымайтын мүлікке қатысты операциялардың басым бөлігі баспананы заңсыз жалға берумен байланысты болып келеді. Ондайда ел бюджетіне ешбір салық төленбейді. Министр Е.Досаевтың мәліметіне сәйкес, осыдан екі жыл бұрын жылжымайтын мүлік операцияларының жалпы соммасы 697,9 миллиард теңгені құраған. "Осыған байланысты баспананы жалға беріп жүрген жеке тұлғалардың табыс салығы төлеу мен салық органдарына тіркелу бойынша тиісті жауапкершілікті заңды түрде күшейту ұсынылып отыр", - деді Е.Досаев Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Сондай-ақ министрдің айтуынша, көшедегі заңсыз сауда (жайма базар) үшін де жаза күшейтіледі. Келтірілген мәліметтерге қарағанда, бұл саладағы базарлардың үлесі 50 пайызды құрап отыр. Ал сауда орталықтары сияқты заңды нысандар тек 17 пайызды ғана еншілейді. Осыған орай, көшедегі заңсыз сауданы біртіндеп сауда орталықтарына көшіру жұмысы қарастырылған.