ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Үкіметтің жедел отырысын өткізіп, онда Мемлекет басшысының "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына жолдауында жарияланған тапсырмаларды іске асыру шараларының кешенді жоспары қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Үкіметтің жедел отырысын өткізіп, онда Мемлекет басшысының "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Қазақстан халқына жолдауында жарияланған тапсырмаларды іске асыру шараларының кешенді жоспары қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.
Премьер-министр тапсырмалардың ауқымды екенін және оларды іске асыру мерзімдері де нақты көрсетілгенін, сондықтан "арқаны кеңге салуға уақыттың жоқ" екенін атап көрсетті. "Біздің міндетіміз - ел Президенті берген тапсырмаларды қысқа мерзімде әрі сапалы орындау", - деді Кәрім Мәсімов мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар шұғыл тапсырмалар беріп.
Ол Мемлекет басшысының Ұлттық қордан 2015-2017 жылдары әр жыл сайын 3 млрд долларға дейін қосымша қаражат бөлу керектігін айтқанын еске салып, Ұлттық экономика, Қаржы және Әділет министрліктеріне өзге де мүдделі органдармен бірлесе отырып, тиісті нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын дайындауды және оларды 14 қарашада Үкімет отырысында қарауды тапсырды.
Сондай-ақ, Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне биылғы 10 желтоқсанға дейін 5 жылға арналған Инфрақұрылымдық даму жоспарының жобасын Үкімет қарауына енгізуді тапсырды. Аталған жоспардың нақты бағыттарына жауап беретін мүдделі министрліктерге 20 қарашаға дейін тақырыптық бөлімдердің жобаларын ұсыну жүктелді.
Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне осы жылдың 1 желтоқсанына дейін кәсіпкерлік субъектілерді қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша Үкімет пен Ұлттық банктің бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы қаулы жобасын дайындауды тапсырды.
Сонымен қатар, Кәрім Мәсімов Ұлттық экономика министрлігіне Президент Әкімшілігімен және мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, Елбасы Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспардың жобасын әзірлеп, оны Үкіметтің келесі отырысында қарау туралы тапсырма берді.
"Президенттің Жолдауда берілген әрбір тапсырмасы – бұл әрбір басшының жеке жауапкершілігі. Оның сапалы әрі өз мерзімінде орындалуына, Мемлекет басшысы айтқандай, талап өте қатаң болады", - деді Мәсімов.
"Біз жұмыстың үйлесімділігі мен Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың тиімді әрі ұтымды игерілуін қамтамасыз етуіміз керек. Міндеттер ауқымы кең, біз оларды іске асыруымыз керек", - деді Үкімет басшысы.