Сенат депутаттары елдегі бензин тапшылығына қатысты өз ойларын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жоғарғы палатаның отырысы кезінде депутаттар премьер-министрге сауал жолдады.
Сенат депутаттары елдегі бензин тапшылығына қатысты өз ойларын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жоғарғы палатаның отырысы кезінде депутаттар премьер-министрге сауал жолдады.
"Қазір бізде жанармай аз өндірілмейді, кейбір МӨЗ күрделі жөндеуде. Модернизация қолайсыз уақытта жүріп жатқандықтан тапшылық басталды", - дейді депутаттық сауалында сенатор Сәрсенбай Еңсегенов.
Жанармай тапшылығы туралы айта отырып, сенатор отырғандырдың есіне Президенттің халыққа жолдауындағы тапсырмасын еске салды.
"2014 жылы Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында бензин, дизель отыны мен керосин жеткілікті өндіруіміз керектігін атап өткен. Елбасы бұл мәселені атап өткенімен біздің үкімет елеген жоқ және елімізде жаңа зауыт сол күйі салынған жоқ. Зауыт салғанда мұндай жағдай болмас еді", - дейді Еңсегенов.
Ол үкімет басшысына мына сауалдарды жолдады: "Жанармай тапшылығына байланысты неге мемлекеттік қажетті деңгейде жүйелі шаралар қолданылмайды? Жанармай өндіретін жаңа зауыт салу мәселесі неге көтерілмейді?".