Үкімет резервінен 116 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді: ол қайда жұмсалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет резервінен 116 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді: ол қайда жұмсалады? Фото:depositphotos.com

Үкімет резервінен шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден аса қаражат бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет резервінен шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден аса қаражат бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Құжат 2025 жылы 28 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының көктемгі егіс пен жиын-терім жұмыстарына кемінде 700 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген қаржыландыруды қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмасын орындау шеңберінде қабылданған.

Ауыл шаруашылығы бағытындағы тауар өндірушілерді қолжетімді несие арқылы қолдау және шаруалардың қаржылық жағдайын тұрақтандыру мақсатында қаулыға сәйкес Үкімет резервінен шамамен 116 млрд 772 млн теңге бөлу қарастырылған.

"Қаражатты 2025 жылғы көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын сапалы жүргізу, сондай-ақ, отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу үшін АӨК субъектілерін қаржыландыруға бағыттау жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.

Бұл әрі қарай елімізде өндірілген және құрастырылған ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуды қаржыландыруға, кейін оны лизингке беруге, сондай-ақ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ тарапынан несие шарттарын кепілдендіру кезінде комиссияны арзандату үшін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ мен "ҚазАгроҚаржы" АҚ облигациялары бойынша купондық сыйақыны субсидиялау арқылы жүзеге асырылады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети