Үкімет резервінен жолдарға 6 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет резервінен жолдарға 6 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінеді Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысындағы жолдарды қалпына келтіруге шамамен 5,9 миллиард теңге бөлінеді. Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің төтенше резервінен Көлік министрлігіне қаражат бөлу туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы соманың 4,6 миллиард теңгесі Индер - Қарабау - Сағыз жолдарын, Қарабау, Сарытоғай - Махамбет, Атырау - Индер кенттеріне кірме жолдарды, сондай-ақ Құлсары қаласындағы жаяу жүргіншілер жолдарын қоса алғанда, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жеті учаскесін жөндеуге пайдаланылады.

Қалған 1,3 миллиард теңге су тасқынынан зардап шеккен Индер - Қарабау - Миялы - Сағыз автомобиль жолында көпір мен су өткізу құбырларын салуға жұмсалады.

Айта кетейік, су тасқыны жолдың 11 учаскесінде елеулі қиратулар тудырып, бес учаскедегі су өткізу құбырларын бүлдірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети