26 маусым 2024 | 09:17

Үкімет резервтен 1,1 миллиард теңге бөлді: ол қайда жұмсалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Үкімет БҚО-дағы электр желілерін қалпына келтіруге 1,1 миллиард теңгеден аса қаржы бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Үкімет БҚО-дағы электр желілерін қалпына келтіруге 1,1 миллиард теңгеден аса қаржы бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Батыс Қазақстан облысындағы алапат су тасқынынан кейін әуедегі электр желілерін қалпына келтіру үшін төтенше резервінен 1,1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген.

Қаражат табиғи сипаттағы ТЖ салдарын жою шеңберінде өңірлік бюджетке аударылады. БҚО әкімдігі ҚР Энергетика министрлігіне 1 желтоқсанға дейін қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны жөнінде есеп беруге тиіс.

Қалпына келтіру жұмыстары келесі учаскелерде жүргізіледі:

  • Бәйтерек ауданындағы Шалғай – Таловая;
  • Кеңтүбек (Григорьевка) – Бөрлі ауданындағы Александровка;
  • Шыңғырлау – Шыңғырлау ауданындағы Ащысай (Мырзагора).

Еске салайық, елімізде болған алапат су тасқыны салдарынан инженерлік, әлеуметтік инфрақұрылым және жолдар бүлінген болатын. Атап айтқанда, 2,3 мыңнан астам электрмен жабдықтау тірегі қирап, 54 шақырым желі үзілген. Қазіргі уақытта оның 40 пайыздан астамы қалпына келтірілді, жұмыс жаз айларында қарқынды жалғасып жатыр.

Сондай-ақ, бұған дейін Қостанай облысында электр желілерін қалпына келтіруге төтенше резервінен 1,3 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу туралы Үкімет қаулысы қабылданған болатын. Қалпына келтіру жұмыстары Арқалық қаласы, Амангелді және Жангелді аудандарын қамтиды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети