Үкімет резервтен 1,8 миллиард теңге бөлді: ол қайда жұмсалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет резервтен 1,8 миллиард теңге бөлді: ол қайда жұмсалады? Midjourney

Үкімет Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 миллиард теңге бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет Жезқазғандағы шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстарын реконструкциялауға 1,8 миллиард теңге бөлді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаражат шаруашылық-ауыз су тазарту құрылысын жаңғыртуға мүмкіндік беретін мембраналық жабдықты орнату арқылы қуаты тәулігіне 124 мың м3 қолданыстағы тазарту құрылыстарын толық реконструкциялау жобасының екінші кезегін жүзеге асыруға бағытталған.

Облыс орталығын сумен жабдықтау Кеңгір су қоймасы арқылы жүзеге асырылады. Қаланың шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары 1966 жылы пайдалануға берілген. Жабдықтар мен технологиялардың тозуы шамамен 90 пайыз болады.

"Бөлінген қаржы қазіргі уақытта 98,6 мың адамды құрайтын Жезқазған қаласы халқының әлеуметтік-экологиялық ахуалын одан әрі жақсартуға және тұрғындардың санитарлық-гигиеналық өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.74  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети