02 сәуір 2014 | 16:05

Үкімет төтенше жағдай кезінде БАҚ-ты жабуға рұқсат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Үкімет төтенше жағдай кезінде қосымша шаралар мен шектеулерді қолдануға рұқсат беретін ережелерді бекітті. Оған сәйкес, коменданттық сағат енгізілген кезде саяси партиялардың қызметі тоқтатылып, бұқаралық ақпарат құралдары бақылауға алынады. Аталған ережелер Қазақстан Республикасы нормативтік актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі. 

Иконка комментария блок соц сети

Ережеге сәйкес, төтенше жағдай кезінде коменданттық сағатты енгізу, теле-радио мен баспасөз материалдарының баспа нұсқасын талап ету, сондай-ақ төтенше жағдайдың себептерін жоюға кедергі жасайтын саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың қызметін тоқтату қарастырылған. 

"Бұқаралық ақпарат құралының иесі эфирге бір тәулік қалғанда, жергілікті комендатураға теле-радио мен баспасөз материалдарының баспа нұсқасын тапсыруы тиіс. Болмай бара жатса, жаңалықтар топтамасын берердің алдында оның мазмұнын келісіп алуы шарт", - деп жазылған ережеде. Ал комендатураның келісімі болмаса, бұқаралық ақпарат құралының жұмысын тоқтату туралы нұсқау жіберіледі. Заңға сәйкес, оның қызметі уақытша, я болмаса, толығымен жабылуы мүмкін.   

Бұдан бөлек, көшірме-тарату техникасына, радио- мен теле аппаратурасына, аудио- мен бейнежазу техникасына, сондай-ақ дыбыс күшейткіш құралдарын қолдануға шектеу немесе тыйым салу қарастырылған. Ережеде көрсетілген қосымша шаралар мен уақытша шектеулерді атқару міндеті жергілікті комендатқа жүктеліп отыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети