30 қаңтар 2014 | 14:07

Үкімет "тұрғын үй бағасын қымбаттатпаймыз" дейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Серік Ахметов Фото ©primeminister.kz сайтынан Серік Ахметов Фото ©primeminister.kz сайтынан

Өңірлік даму министрлігінің бір жылдық жұмысын қорытындылаған алқа отырысында Үкімет басшысы Серік Ахметов мемлекеттік бағдарлама аясында салынатын баспана бағасының қымбаттамайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Бүгінде алпауыт құрылыс компаниялары бағдарлама негізінде үй салудан тартыншақтап отыр. Оған себеп, қазір бекітілген ереже бойынша үйдің шаршы метрі 90 мың теңгеден аспайды. Құрылыс шығынын ақтау үшін бір шаршы метрдің бағасы 122-127 мың теңгеден аз болмауы керек. Алматы облысында сейсмотұрақты құрылыс материалдарын қолдану есебінен қосымша шығынға тап болатынын айтады", - дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Амандық Баталов. Алайда Серік Ахметов бұған қарсы уәж айтып, бағаны бұдан артық өсіруге болмайтындығын тілге тиек етті. Жақында ғана 10 мың теңгеге жоғарылаған баспананың шаршы метрін қымбаттау тиімсіз болмақ. Қазір халықтың жалақысы соншалықты артып отырған жоқ. Отырыс барысында Серік Ахметов аймаққа тұрғын үй құрылысын салу үшін мемлекеттен бөлінген ақшаға қарамай, қосымша инверстор тартуды тапсырды. Жер телімі белгіленген соң, шетелдік компанияларға тұрғын үй салуды жүктеп, қаржы көзін табудың тиімділігін мысалға алды.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети