24 қараша 2014 | 21:39

Үкіметаралық комиссия Байқоңырдан ұшырылатын "Протон" зымырандарын қысқарту мәселесін талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстан мен Ресей Үкіметаралық комиссиясының екінші отырысында тараптар "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылатын "Протон" зымырандарын қысқарту жайын талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Ресей Үкіметаралық комиссиясының екінші отырысында тараптар "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырылатын "Протон" зымырандарын қысқарту жайын талқылады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"24 қараша күні Байқоңыр қаласында Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының екінші отырысы өтті. Жиын барысында тараптар "Байқоңыр" ғарыш айлағының болашағы туралы пікір алмасты.  (...) Отырыста "Жол картасы" бағдарламасы аясында "Байқоңыр" кешенін бірге пайдалану және Байқоңыр қаласының инфрақұрылымын дамыту мәселесі сөз болды. Сондай-ақ, екіжақты салық төлеу мәселелері, "Протон-М" зымыран-тасығыштарды ұшыруды азайту жайттары талқыланды. Сонымен бірге, Қазақстан азаматтарын ҚР стандарты бойынша оқыту және медициналық қызмет көрсету жайы күн тәртібіне қойылды" - делінген хабарламада. 

Мұнымен қоса, "Байқоңыр" ғарыш айлағындағы екі елдің әріптестігі негізінде жүзеге асырылуы тиіс "Бәйтерек" ғарыштық-зымыран кешенінің жобасы қаралды.  

Шараға Қазақстан тарапынан ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев, сондай-ақ, Ресей тарапынан РФ Премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Рогозин қатысты.

Отырыс аясында Байқоңырдан зымыран ұшыру кезінде апат бола қалған жағдайда қандай келісімдер жасалынады, жер учаскелерін қалай тиімді пайдалануға болады және Байқоңыр қаласының статусы қалай болуы керек деген секілді сұрақтарға жауап беретін бірқатар халықаралық келісімдерге қол қойылды. Сағынтаев пен Рогозин екі мемлекет те ғарыш игеру саласындағы ынтымақтастығын әрі қарай дамытуға қызығушылық танытып отырғанын айтты. 

Естеріңізге саламыз, бұған дейін Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан-Ресей Үкіметаралық комиссиясының осы отырысында құлаған "Протонға" қатысты өтемақы төлету мәселесі шешілетінін мәлімдеген еді.  

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети