Үкіметте допинг дауы талқыланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Үкіметте допинг дауы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Премьер-министр Кәрім Мәсімов жиын басында Мәдениет және спорт министрлігіне сауал тастады. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Үкіметте допинг дауы талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Премьер-министр Кәрім Мәсімов жиын басында Мәдениет және спорт министрлігіне сауал тастады. 

"Қазіргі уақытта допинг қолдануға қатысты сұрақ көп. Біздің де, Ресейдің де спортшыларының. Тіпті Олимпиада қозғалысына қатысты (...)", - деді Мәсімов.

"Тапсырма беремін және Ұлттық Олимпиада комитетіне, Күлібаев мырзаға бірінші кезекте спортшыларымыз бұл сынақтан лайықты түрде өтсін", - деді ол.

Премьер-министрдің айтуынша, жақсы зертхана сатып алу үшін жеке қаражаттың мүмкіндігін пайдалану керек. 

"Спортшылар жарыстарға дейін тесттен өте алып, кейін күтпеген тосын сыйлар шығып жүрмеуі үшін. Спортшылар да сенімді болуы үшін. Әлем өзгеріп жатыр, спорт та соның ішінде", - деді премьер-министр.

Мәсімовтің айтуынша, өткен жылы Қазақстан құрамасын таныстыру барысында ХОК президентімен кездескенін және оның негізгі міндеттердің бірі деп допингпен күресті атағанын айтты.

Еске салайық, осыған дейін Ильиннің Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиадада алынған сынамасында қанында тыйым салынған заттардың бар болып шыққаны белгілі болған еді. Сонымен қатар, тағы үш қазақстандық ауыратлеттің қанынан допинг табылған болатын. Кейін Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасындағы допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсетті.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro