14 сәуір 2023 09:32

Үкіметте энергетика нысандарын мемлекет меншігіне қайтару талқыланып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото t.me/KZgovernment Фото t.me/KZgovernment

Үкіметте энергетика саласының кейбір нысандарын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Үкіметте энергетика саласының кейбір нысандарын мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, Антикор, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволар басшылығы қатысқан Экономиканы монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді.

"Отырыста энергетика саласының кейбір нысандарын мемлекет меншігіне қайтару және қатты пайдалы қазбаларды барлауға бірқатар лицензияларды берудің заңдылығы мәселелері қаралды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Смайыловқа "Астана қаласының ақылы тұрақ кеңістігін құру, пайдалану және басқару" жобасы ұсынылды, оны іске асыру үшін елорда әкімдігі 2018 жылы "Астана тұрақ кеңістігі" ЖШС компаниясымен МЖӘ туралы шарт жасасты.

Талқылау нәтижелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдарға осы келісімнің республика заңнамасының нормаларына, оның ішінде монополияға қарсы реттеу бөлігінде сәйкестігіне талдау жасау тапсырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети