Үкіметте "Қазақтелеком" ұялы байланыс операторларының бірін инвесторға беру туралы айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкіметте "Қазақтелеком" ұялы байланыс операторларының бірін инвесторға беру туралы айтылды Фото:depositphotos.com

Үкімет "Қазақтелеком" ұялы байланыс операторларының бірін жаңа инвесторға беруді жеделдету туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет "Қазақтелеком" ұялы байланыс операторларының бірін жаңа инвесторға беруді жеделдету туралы айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Қатысушылар "Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобын демонополизациялау барысын талқылады.

"Атап айтқанда, мобильді операторлардың бірін бәсекеге қабілетті нарыққа шығару процесі қарастырылды. Қазіргі уақытта әлеуетті шетелдік инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Жалпы бұл шара халыққа көрсетілетін қызмет сапасын арттырып, телекоммуникация саласының дамуына оң әсерін тигізеді деп күтіледі", - делінген хабарламада.

Премьер-министр бұл бағыттағы жұмысты жеделдетуді тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети