05 қараша 2022 | 10:19

Үкіметте отандық машина жасауды дамыту мәселесі қаралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте машина жасауды дамытудың өзекті мәселелері қаралды. Кеңеске мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен салалық кәсіпорындардың басшылары қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте машина жасауды дамытудың өзекті мәселелері қаралды. Кеңеске мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен салалық кәсіпорындардың басшылары қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Кеңес барысында Машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспарын және Вагон жасауды дамыту жөніндегі жол картасын әзірлеу, сондай-ақ, жергілікті қамтуды дамыту және әлеуметтік үшжақты әріптестік жөніндегі салалық комиссияның жұмысының тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Премьер-министр саланы қолдау жөніндегі бастамаларды мақұлдады. Ол жергілікті қамтуды дамытуды нарықтық құралдар: оффтейк және офсеттік келісімшарттар есебінен ынталандыру қажет екенін айтты.

Бұдан басқа, ғылыми-өнеркәсіптік кластерлерді құру, машина жасау кәсіпорындарын шикізатпен, қолжетімді кредит ресурстармен және басқа да ынталандыру шараларымен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Әлихан Смайылов мемлекеттік органдарға оларды егжей-тегжейлі пысықтауды тапсырды.

"Қазақстан машина жасаушылар одағы" ЗТБ басшысы Мейрам Пішембаев, "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ басшысы Теміржан Әбдірахманов, "Қазэнергокабель" АҚ басшысы Владимир Бобров, "Атыраумұнаймаш" ЖШС басшысы Темірлан Даркембаев, "ЗИКСТО" АҚ басшысы Ренат Шамсутдинов баяндама жасады.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министр барлық айтылған мәселе бақылауға алынатынын айтты.

"Біз сіздермен үнемі кездесіп тұрамыз. Ара-тұра жаңа мәселелер туындап жатады: оның кейбірі бойынша бірден шешім қабылдасақ, басқалары нормативтік-құқықтық өзгерістерді қажет етеді. Бірқатар проблемалық мәселелер бойынша егжей-тегжейлі зерттеу жүргізу қажет. Біз осы мәселелерді өзара бірлесіп шешуге тырысамыз", - деді Әлихан Смайылов отандық машина жасаушыларға қарата айтқан сөзінде.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети