13 ақпан 2014 21:54

Үкіметте рұқсат беруші құжатты кешіктірген шенеунікті жауапқа тарту ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:© Марат Абилов Фото:© Марат Абилов

Қазақстан Үкіметінде рұқсат беруші қағазды уақытында бермей, кешіктірген шенеуніктерді әкімшілік жауапкершілікке тартуды ұсынды деп хабарлайды ҚР Премьер-министр сайтында сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Мұндай түзету Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде қарастырылған. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен 13 ақпанда рұқсат беруші жүйені жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствааралық комиссияның 11-отырысы өтті. Отырыста кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіруші заңдағы нормаларды алып тастау мәселелері қарастырылды. "Отырыс қорытындысы бойынша 43 заңнамалық норманың бірқатары алынып, қалғаны оңтайландырылды. Мәселен, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне рұқсат беруші қағазды уақытында бермеген және оны негізсіз бермей қойған шенеуніктерді жауапқа тартуды қарастыратын түзету енгізілді" делінеді хабарламада. Жер кодексінде қандай да бір елді-мекен аумағынан құрылыс жүргізуге жер телімін алу тәртібі жеңілдетіледі, бұл ретте "бір терезе" қағидаты іске қосылады, құжатты беру мерзімі де қысқартылған. Сонымен қатар Салық кодексінде алкоголь мен жанар-жағармай өнімдерін саудалаушы саладағы кәсіпкерлерге бақылаушы кассалық аппарат орнатуды міндеттейтін мерзім 2014 жылдың 1 шілдесінен 2015 жылдың шілдесіне дейін ұзартылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети