Үкіметтегілер 14 желтоқсаннан бастап өңірлердің карантинге жабылатыны туралы хабарламаға пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкіметтегілер 14 желтоқсаннан бастап өңірлердің карантинге жабылатыны туралы хабарламаға пікір білдірді

Қазақстандықтар мессенджерлерде елдің кей өңірінде 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы жалған ақпаратты бөлісіп жатыр , - деп хабарлайды Stopfake.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар мессенджерлерде елдің кей өңірінде 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блокбекеттер қойылатыны туралы жалған ақпаратты бөлісіп жатыр , - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Хабарлама ҚР премьер-министрінің атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті түрінде тарап жатыр.

Алайда премьер-министрдің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

"Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті  фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокбекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 506.65  course up  593.07  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети