Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің Instagram желісіндегі парақшасы жалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің Instagram желісіндегі парақшасы жалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкіметтегілер тіркеулік жазбаның қолданылуын тоқтату бойынша сәйкес шаралар қабылданып жатқанын айтты.
"БАҚ, сондай-ақ, Instagram әлеуметтік желісінің қолданушыларынан тек ҚР премьер-министрінің Primeminister.kz ресми сайтында және Фейсбук, ВКонтакте, Твиттер, Instagram, Перископ және Одноклассники әлеуметтік желілерінде, Youtube ресми арнасында нақтыланған аккаунттарында орналастырылған ақпаратты пайдалануларын сұраймыз", - делінген үкіметтің хабарламасында.