04 қаңтар 2022 | 17:30

Үкіметтік комиссия жаңаөзендік белсенді топпен келіссөз жүргізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкіметтік комиссия мүшелері жаңаөзендік белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Үкіметтік комиссия мүшелері жаңаөзендік белсенді бастамашыл топпен келіссөз жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

"Кездесуде өзекті мәселелер, соның ішінде сұйытылған газ бағасын төмендету туралы айтылды. Қатысушылар жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылады", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін үкіметтік комиссия Маңғыстау белсенділерімен кездескен болатын. 

Айта кетейік, комиссия Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған болатын. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған Президент Әкімшілігінің, Энергетика министрлігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысып жатыр.

Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиісті тапсырма берді. Өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің қожайындары өз бастамасымен газ литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарған.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласында газ бағасын төмендетуді талап еткен көлік иелерімен кездескен болатын

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети