Үкіметтік комиссия мүшелері Маңғыстаудағы белсенділердің бастамашыл тобымен келіссөз жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметтік комиссия мүшелері Маңғыстаудағы белсенділердің бастамашыл тобымен келіссөз жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметтік комиссия сұйытылған газ бағасын төмендетуді талап еткен бастамашыл топпен кездесу өткізіп жатыр.
Жиынға қатысушылар қоғамдық қауіпсіздікті сақтай отырып, жағдайды реттеу мүмкіндігін талқылап жатыр.
Айта кетейік, комиссия Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған болатын. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен отырыс өтіп, оған Президент Әкімшілігінің, Энергетика министрлігінің, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, жергілікті атқарушы органдардың, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысып жатыр.
Еске салайық, Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын. Олар жолдарды жауып тастаған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиісті тапсырма берді. Өңірдегі жанар-жағармай құю бекеттерінің қожайындары өз бастамасымен газ литрін 120 теңгеден 85-90 теңгеге дейін арзандату туралы шешім шығарған.
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Жаңаөзен қаласында газ бағасын төмендетуді талап еткен көлік иелерімен кездескен болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!