Фото mynews-in.net сайтынан
Украина билігі Қырымдағы референдумға қатысты Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеге алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Укринформ" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. Украинаның сырты істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, кеше, наурыздың 19-ы күні Украинаның сырты істер министрі Наталия Галибаренко сол елдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбековты қабылдады. "Украина өзін автономды республика деп таныған Қырымдағы "референдум" бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қатысты өз алаңдаушылығын білдірді. Ол Украинаның территориалдық тұтастығын сақтау қажеттігі туралы бұған дейінгі жоғары деңгейде жасалған мәлімдемелерге қайшы келеді", - делінген ресми хабарламада. Айта кетейік, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі соңғы мәлімдемесінде Қырымдағы референдумды халықтың еркін қалауы деп танитынын, сондай-ақ қалыптасқан жағдайда Ресей Федерациясының шешіміне түсіністікпен қарайтынын айтқан болатын.
Украина билігі Қырымдағы референдумға қатысты Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеге алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Укринформ" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Украинаның сырты істер министрлігі таратқан ақпаратқа сәйкес, кеше, наурыздың 19-ы күні Украинаның сырты істер министрі Наталия Галибаренко сол елдегі Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі Зауытбек Тұрысбековты қабылдады.
"Украина өзін автономды республика деп таныған Қырымдағы "референдум" бойынша Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қатысты өз алаңдаушылығын білдірді. Ол Украинаның территориалдық тұтастығын сақтау қажеттігі туралы бұған дейінгі жоғары деңгейде жасалған мәлімдемелерге қайшы келеді", - делінген ресми хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі соңғы мәлімдемесінде Қырымдағы референдумды халықтың еркін қалауы деп танитынын, сондай-ақ қалыптасқан жағдайда Ресей Федерациясының шешіміне түсіністікпен қарайтынын айтқан болатын.