Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинаның ТМД қатарынан шығуына байланысты пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинаның ТМД қатарынан шығуына байланысты пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Біз істейтін іс емес, біз бухгалтер емеспіз және бұл соғысқа қатысу деңгейін санайтын дәнеңесі де жоқ. Орыс та, белорус та, қырғыз да, өзбек те, тәжік те жеңген жоқ, сол уақытта кеңестің ұлы халқы жеңді. Қазір бұл өте өзекті, бұл бірігу үшін қызмет етуі тиіс. Оның үстіне, осыған қатысты мәселелер бар, жеткілікті. Посткеңестік кеңістікте қақтығыстар болды, бүгінде де ағайынды Украинада бар, бұл мәселені қаншалықты ерте шешсек, соншалықты біздің ұрпағымыз үшін жақсы болады", - деді Лукашенко ТМД елдері басшыларының кездесуінде.
"Қазіргі уақытта украин тарапының ТМД ұйымынан кетіп жатқаны, ортақ бюджетті қаржыландырмайтыны де-факто, ал ол Ресейде бюджетті толтыру саны бойынша екінші орында еді, жоспарлы іс-шараларға қатыспайды. Сонымен қатар, Украинаның ТМД қатарынан шығуын күтпей-ақ қоюға болады. Мен Украина басшылығымен асықпаудың қажеттілігі жайлы көп хабарластым, көп сөйлестім. Егер отырыстарға қатысқысы келмесе де, шығудың не қажеті бар, сосын қайта кіру қиынырақ болады, міне, біздің грузин достарымыз осылай болды. Ол жақта біреу ТМД мүшесі болғысы келген шығар, бірақ қайта кіруде қиындық бар. (...) Біз үшін Украина маңызды және осы мәселеге байыппен қарау керек", - деді Лукашенко.