Украина үшін алаңдаймын, онда менің достарым тұрады - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина үшін алаңдаймын, онда менің достарым тұрады - Назарбаев

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында Украина үшін алаңдайтыныy айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Россия 24" телеарнасына берген сұхбатында Украина үшін алаңдайтыныy айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Батыстан жабылып жатыр. Бәрібір, қараңыз, керісінше, Ресей халқы, әрдайым, күш-жігерін жинап, алға жылжып келеді. Бұл бізге де тиімді, себебі біз Ресейге көбірек ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдап, сауданы еселеп жатырмыз. Тек бір ғана сұрақ: Украинадағы іс не үшін болоды? Неліктен Украинаның өзіне өз ішіндегі мәселені шешуге мұрша бермеді. Мен Путиннің, Ресейдің Укрианадан және шығыстан бір телім жер алғысы келеді деген құлқы жоғын білемін. Ресей жер аумағы бойынша әлемдегі бірінші мемлекет", - деді Назарбаев. 

"Жасырып не керегі бар, Украина үшін алаңдаймын. Мен сонда оқыдым. Украиндарды білемін, онда әлі де достарым бар. Бұл біздің ұлтымыз, бір-бірімізді жақсы түсінеміз, жан дүниемізді түсінеміз. Сол бір әндерді айтып, әзіліміз де бір. Бұрынғы қарым-қатынас қайта қалпына келсе деймін. Ресей мен Украина бізбен бірге болса", - деді Мемлекет басшысы. 

Президенттің айтуынша, Ресей мен Еуроодақ жанжалы еркін сауда аймағын кеңейту жоспарын бұзған. 

"Ресей Еуропаға керек, Еуропа Ресейге керек. Соңында барлығы да дұрыс. Мен Еуразиялық одақ пен Еуропа одағының еркін сауда келісімі туралы келіссөздер бастап едім. Бұл бізге тиімді, біз осыған қадам бастық, мына жағдай болмағанда", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети