16 сәуір 2014 10:59

Украинада қазақстандықтардың суреті ақпараттық майданға пайдаланылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Facebook.com ©Facebook.com

Марқұм болған қазақстандық сарбаздардың суреті Украинада ақпараттық майданға пайдаланылған, - деп хабарлайды Shymkent.kz. 


Марқұм болған қазақстандық сарбаздардың суреті Украинада ақпараттық майданға пайдаланылған, - деп хабарлайды Shymkent.kz. 

Жуырда украиналық ақпараттық-сауықтық порталдардың бірі - durdom.in.ua дөрекі фотомонтажды жария еткен. "Украинаның оңтүстік-шығысындағы арнайы операция барысында қаза тапқан ресейлік жалдамалы әскерилер" деп көрсетілгенімен, суреттен "Арқанкерген" шекара бекетінде опат болған қазақстандық жауынгерлердің табытын байқауға болады. Бұл материал әлеуметтік желілерге таралған.

Қазақстандықтар украин порталының жалған әрекетін бірден аңғарып, наразылық білдірді. "Украинаның өзінің шығыс аумағына әскер кіргізіп, өз азаматтарына оқ атқанын украин сайттары табытқа Ресей туы жапсырылған фотосуреттермен таратып жатыр. Суреттің түпнұсқасы біздің сайттан алынған. ua домені бар сайттарға сенетін қазақтарға айтарым, біз үшін шекара бекетінде болған оқиға - трагедия. Ал украиндер үшін ешқандай қасиетті ұғым қалған жоқ", - деп жазды Facebook қолданушысы Софья Гилярова.

Бұған дейін украиналықтардың Лондондағы акция кезінде қазақстандық келіншектің суретін пайдаланғаны хабарланған еді. Астана тұрғыны Гауһар Монконың суреті Украинаны қолдау шарасының символына айналған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети