Украинада тұратын қазақстандық әйел азаматтығынан айырылған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинада тұратын қазақстандық әйел азаматтығынан айырылған Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Украинада тұратын қазақстандық Ардақ Ешниязова Қазақстан азаматтығынан айырылған. Ақтөбе облысының Полиция департаменті оқиғаны қызметтік тексеруге кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинада тұратын қазақстандық Ардақ Ешниязова Қазақстан азаматтығынан айырылған. Ақтөбе облысының Полиция департаменті оқиғаны қызметтік тексеруге кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ардақ Ешниязованың туысы ZTB.KZ редакциясына хат жазған. Оның айтуынша, қыз азаматтықтан бас тарту туралы ешқандай құжат тапсырмаған.

"Ол тұрмысқа шыққан. Қазір Украинада, белгілі себептермен елімізге орала алмайды. Жақында Ақтөбе қаласындағы көші-қон қызметі оны азаматтықтан заңсыз айырғанын білдік. Ол заңды бұзған жоқ, Қазақстан азаматтығынан бас тартқан жоқ, басқа да төлқұжат рәсімдеуге құжат тапсырмады. Ненің негізінде? Біз барлық жерге түсіндіріп, көмектесу үшін ресми түрде өтініш жібердік, бірақ жауап жоқ. Қоңырауларға ешкім жауап бермейді. Біз ол үшін қорқамыз, өйткені Украинада соғыс жүріп жатыр. Кез келген адамға жеке құжаттар керек", - деп жазады қыздың туысы.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті редакциямызға қазіргі уақытта құжаттама жүйесіне түзетулер енгізу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта осы факт бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр және ҚР азаматтығын жоғалтуды жою мақсатында ҚР халқын құжаттандыру және тіркеу жүйесіне түзетуді жүзеге асыру бойынша шаралар қабылданып жатыр", - деді ПД өкілі тілшіге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети