10 қараша 2014 | 14:48

Украинадағы ахуалды Қазақстан мен Германия СІМ басшылары талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Эбола вирусы мәселесі мен Украинадағы шиеленісті Қазақстан мен Германия сыртқы істер министрлері талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Эбола вирусы мәселесі мен Украинадағы шиеленісті Қазақстан мен Германия сыртқы істер министрлері талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың айтуынша, саяси тұрғыдан Қазақстан мен Германия арасында ешқандай проблема жоқ. "Біз әлемдік және өңірлік мәселелерге бірдей қараймыз", - деді Ыдырысов журналистерге ГФР Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайермен болған келіссөздерден соң.

"Германияның ғаламдық ірі ойыншы екенін білесіздер, біз Украина, Ауғанстан, Иран, Таяу Шығыстағы ахуал, Эбола төңірегіндегі ахуал сияқты барлық халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер жөнінде пікір алмастық. Біз бұл мәселелерге қатысты көзқарастарымыздың жақындығын, тіпті бірдейлігін байқадық", - деді Ыдырысов.

Проблемалық мәселелер туралы айтқан Штайнмайер Қазақстан мен Германия оларды шешуге бірлесе күш салуы керектігін айтты. 

"Біз бұл жанжалдардың шиеленісін азайту үшін Қазақстан мен Германияның екеуінің де күш салуды жалғастыра беруі керектігін анықтадық. Егер біз Украинадан бүгін келген жаңалықтарды алатын болсақ, олар бұл мәселенің өте маңызды екенін тағы бір көрсетіп отыр. Біз әскери зорлық қолданылған жағдайға қайтадан тап болмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет", - деді ГФР Сыртқы істер министрі.

Неміс журналистері оның назарын өткен демалыс күндері жаңалықтардан Украина аумағында әскери жасақтардың жүргені және көп адамның қаза болғаны айтылғанына аударды.

"Өкінішке қарай, қазір жағдайдың күрделі екені анық байқалып тұр, біз Украинадағы бұл жанжалға қатысушылардың бәрін - сепаратистерді, ресейлік тарапты Минск хаттамасына қайтып келуге шақыруға тиіспіз", - деді Франк-Вальтер Штайнмайер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети