Кеше Батыс пен АҚШ-тың беделді саясаткерлері Украинада жүріп жатқан әскери қақтығыстарды соғыс деп мойындап, бұл ойларын әлеуметтік желідегі жеке парақшалары арқылы таратты. «Алаш айнасы» басылымы осыған дейін Украинаның әр өңірінде оқ атқандар мен бомба жарғандардың атын атап, түсін түстеп бере алмаған халықаралық қауымдастықтың бүгін оны соғыс деп тануы нені білдіреді деген сауалға мамандар арқылы жауап іздеп көрмекші...

Украинада Майдан басталғалы бүкіл әлемнің бұқаралық ақпарат құралдарының назары осы елде болды. Бұл жақтан әрқилы ақпараттар тарап жатты. Бірақ оның ішінде соғыс деген сөз болмады. Мұнда оқ атып, бомба жарғандарды пиғылы алабөтен лаңкестер, сепаратистер, жалдамалылар, нацистер, бандершілер деп келді. Сөйтіп елдің ішіне іріткі салушылар артында тұрған кімдер екендігі ашық айтылмады. Бір анығы, оны ашып айтуға осы күнге дейін «үлкен адамдардың» батылы жетпеді немесе бұл оларға тиімді болды. Алайда кеше осы жағдай күрт өзгеріске ұшырады. Жер шарының түкпір-түкпірінен «Украинада соғыс боп жатыр» деген мәліметтер келіп түсе бастады...
«Бүгінгі күнді, яғни 27 тамызды есте сақтаңыздар. Бүгін Ресей Украина территориясына ашықтан-ашық басып кірді. Ресей Қырым сценарийін Донецк пен Луганск облыстарына қатысты қайталап жатыр» - деп жазады өзінің Фейсбуктегі жеке парақшасында Еуропалық комиссияның Киевтегі өкілі, чех дипломаты Давид Стулик.
«Қазір біз Украинаның шығысында Украина әскері мен Ресейдің әскері арасындағы қақтығыстың куәсі болып отырмыз. Бұған анықтама бар» - деп жазады Твиттер желісінде Швеция сыртқы істер министрі Карл Бильдт.
Алдында АҚШ-тың мемлекеттік депаратаментінің ресми өкілі Джен Псаки өздерінің қолындағы бар мәлімет бойынша, ресейлік әскер Украинаның шығысында ашықтан-ашық соғысуға көшіп жатыр деп мәлімдеген.
«АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Украина шығысында Ресейдің ресми әскері белсенділік танытқанын растады. Джен Псаки Ресей Украинадағы әскери қимылы туралы шындықты айтпай отыр, тіпті өз сарбаздары мен отбасына да деп мәлімдеді» - деп жазады украин журналисі Мирослава Гонгадзе өзінің ғаламтордағы жеке парақшасында.
Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі хатшысының орынбасары Виктория Сюмар енді Ресейдің Украинаға қарсы ашық соғыс бастағанын ешкім жоққа шығара алмайды деп сенеді.
Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқыңыз...