Украинадағы қазақстандықтар эвакуацияланады - СІМ

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялау туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасының Киевтегі елшілігі азаматтарды эвакуациялауды қамтамасыз етіп жатыр", - делінген СІМ хабарламасында.

Украинадағы Қазақстан азаматтары Қазақстан Республикасының елшілігіне Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26 үй мекенжайы бойынша және "жедел желі" телефондары арқылы хабарласа алады": +38 (067) 347 04 08 (WhatsApp, Viber), +38 (044) 483 15 96, +38 (044) 489 18 58.

СІМ ақпараты бойынша, отандастарымыз Харьков (консулдық округ Харьков, Сумы және Полтава облыстарын қамтиды), Львов (Волынск, Закарпатск, Ивано-Франковск, Ровно, Тернополь, Хмельницк, Черновец және Львов облыстары), Одесса (Николаевск, Херсон және Одесса облыстары) және Днепр (Днепропетровск облысы) қалаларында орналасқан ҚР құрметті консулдарының кеңселеріне жүгіне алады.

Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігінде азаматтарға +7 (7172) 72-06-06 телефоны ашылды.

Қазіргі уақытта уақытша консулдық есепте 493 адам тұр, олар елшілік қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері, студенттер мен бизнес өкілдері. Тұрақты консулдық есепте 1110 адам тұр. Қазақстан азаматтары Украинаның Киев қаласы, Киев, Одесса, Харьков және Львов облыстарында тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro